Қазақстан Италиямен көпсалалы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиериді қабылдады.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан мен Италияның екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері төңірегінде әңгіме болды.

- «Қазақстан Италиямен көпсалалы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі»,- деді Қ.Мәми және ол «әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан өзара сауданың қарқыны сақталды, ол былтыр 1,5 есе ұлғайып, 16 миллиард доллардан асқан»,-деп атап өтті.

Төраға айтқандай, парламентаралық байланыстар екіжақты ынтымақтастықтағы маңызды бағыт.

Қ.Мәми ЕҚЫҰ ПА-ның Қысқы отырысы аясында Ассамблея Төрағасының орынбасары, Италияның парламенттік делегациясының басшысы Р.Милиоримен кездескенін хабарлады.

- «Біз парламентаралық ынтымақтастық топтарының потенциалын толық пайдалануға және халықаралық парламентаралық ұйымдар аясындағы көпжақты байланыстарды дамытуға уағдаластық»,- деді Қ.Мәми.

Биылғы 30-31 мамырда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезі өтетінін айта келіп, Қ.Мәми «Форумның мақсаты - қазіргі заманда жаңа сындар мен қиындықтарға кез болып отырған шақта рухани және моральдық әлеуетті қордалау»,- деп атап өтті.

Осыған байланысты А.Пиери «алдағы Съездің жұмысына Италияның жоғары діни өкілдерінің қатысуына жәрдемдесуге әзір» екенін айтты.

Дипломат «дінаралық диалог тақырыбы Италия үшін өте маңызды» деп атай келе, дінаралық келісім мен толеранттықтың қазақстандық үлгісінің ерекшелігіне тоқталды.

Өзара парламентаралық әрекеттестіктің маңызды екенін айтқан А.Пиери «қазір біздің елдеріміздің Парламенттері арасындағы қатынастарды жандандыратын уақыт», деді.

Соңғы жаңалықтар