Қазақстан Италияның ірі Alpitour холдингінің каталогіне енді
АСТАНА.KAZINFORM - Бұл жаңалық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапарымен тұспа-тұс келді.
- Бұл - Қазақстанның мәдени және табиғи әралуандығын халықаралық деңгейде көрсетудің маңызды қадамы. Оның жүзеге асуына «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Alpitour, Neos және ACIK қауымдастығы үлес қосты, - делінген Kazakh Tourism хабарламасында.
Alpitour тобына Италияның жетекші туроператорларының кең тараған желісі (2500-ден астам туристік агенттіктер), Voi Hotels қонақ үйлер желісі және Neos авиакомпаниясы кіреді. Аталған топтың жылдық айналымы 2 миллиард еуродан асады.