«Қазақстан Қағазы» жасыл экономика бағытында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға барынша жәрдемдеседі - британдық парламент мүшесі Тони Болдри

АЛМАТЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Біз Қазақстан экономикасын «жасылдандыруға» көмектесеміз. Біздің стратегияның негізгі ұстанымы - ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты пунктеріне сәйкес келу. Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Қазақстан қағазы» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, британдық парламент мүшесі сэр Тони Болдри айтты.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, директорлар кеңесінің басшысы таяу күндері елімізде жұмыс сапарымен болып қайтты. Ол осы сапардың мақсаты жайында сөз қозғап, Қазақстан туралы өзінің көзқарасымен бөлісті.
- Биылғы 31 шілдеде Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында «Қазақстан қағазы» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалдым. Мен Лондон қор биржасында акциясы бағаланатын Қазақстанда көшбасшы индустриялық компаниялардың бірінде төраға лауазымына тағайындалуымды қуанышпен қабылдадым. Оның листингіне қатысу басымдық болып табылады, сонымен қатар корпоративті басқарудың жоғары стандарттарын сақтауды орындау бойынша ең жоғары жауапкершілікті байқатады. Менің бұрынғы саяси, министрліктегі тәжірибем мен түрлі компанияларды басқаруға қатысуым компаниялар тобын басқару үшін оңтайлы болады деп үміттенемін. Бұл шешімді қабылдауда «Қазақстан Қағазы» «жасыл» компания болуы өз маңыздылығын көрсетті. Ондағы өндіріс бастапқы материал ретінде екінші қайтара пайдаланылатын шикізатты, яғни макулатураны қолданады. Осы арқылы Қазақстанда қоршаған ортаны сақтауға ықпал етеді. Атап айтқанда, компанияның негізгі акционері және бас директоры Томас Матеос Вернер Қазақстанда бизнесті табысты жүргізудің мән-жайын іс жүзінде көрсете алды, сондай-ақ ол «Қазақстан Қағазын» Орталық Азиядағы ең табысты индустриялық компания етуге талпынуда. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр, алайда «Қазақстан Қағазы» қажетті активтерге, басқарушы командаға және индустриялық көшбасшы болу бағытындағы батылдыққа ие болып отыр. Менің сапарымның басты мақсаты - 2014-2017 жылдарға компаниялар тобын дамытудың стратегиясын даярлау. Компания басшылары мен қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар, министрліктер өкілдерімен, кәсіби бірлестіктермен және Мәжіліс депутаттарымен көптеген кездесулер өтті. Барлық пайдалы тәжірибені жинақтаудың нәтижесінде «Қазақстан Қағазы» стратегиясының ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсеткен елдің дамуының негізгі бағыттары мен мақсаттарына сәйкес келуіне негізделген ұмтылысымызды айтқым келеді. Жақын жылдары «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобы қазақстандық экономиканы әртараптандыру мен «жасылдандыруға» ықпал ететінін мақтан тұтамын.
- «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы қандай болмақ? Оның негізгі ұстанымдары жайында тоқталсаңыз?
- Біздің стратегиялық мақсат - таяу жылдары халықаралық ірі индустриялық холдингке айналу. Өзіміздің өлшемдермен ғана көшбасшы болып шектелмей, сонымен қатар тиімділік, жасыл технология саласында және кадрлық әлеуетті дамыту бойынша алға шығу көзделіп отыр. Қазіргі кезде «Қазақстан Қағазы» макулатура өңдеу бағытында алда келе жатыр, ал таяу мерзімде біз екінші мәрте пайдалануға негізделген шикізатты кәдеге жаратып, қайта өңдеуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде пластик, шыны және басқа да заттар бар. Жаңа жобаларды жүзеге асыруда макулатураны қайта өңдеудегі біздің бірегей тәжірибені белсенді пайдаланатын боламыз. Біздің жаңа стратегияның негізгі ұстанымдарының бірі - оның ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолауында баяндалған «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарына сәйкес келуі. Біз оның бағыт-бағдарын тыңғылықты зерттеп шықтық және біздің компания мен барша елдің болашағы Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарын сәтті жүзеге асыруға тікелей байланысты деп пайымдаймыз. Осы орайда «Қазақстан Қағазы» компанияларының тобы бұл мақсаттарға қол жеткізуде лайықты үлес қосу үшін тиісті әлеуетке ие.
- Тони мырза, Компаниялар тобының «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысуы жайында нақтылап өтсеңіз?
- «Қазақстан Қағазы» елдің «жасыл экономикасы» саласында көшбасшы жағдайға ие. Қағаз өндірісінде топтың пайдаланатын барша шикізатының 75 пайызы екінші рет қайта қолданылатын шикізат болып табылады. Макулатураны пайдаға асыру мен қайта өңдеуге негізделген технологиялық үдеріс экологиялық таза, сондай-ақ жылына 1,5 млн. ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді. Компания алдағы бес жылда Қазақстан экономикасын әртараптандыруға бағытталған бірқатар индустриялық жобаларға 50 миллион АҚШ долларына жуық инвестиция салуға ниетті. Осы жобаларға қолдау ретінде біз компанияның болашақ бизнесіне табысты қайта инвестициялау саясатын жалғастыратын боламыз. Біздің ойымызша, табыстың басым бөлігі компанияның және барша елдің игілігіне жұмыс істегені жақсы болады. Біз өзімізді ұзақ мерзімді инвестор деп санаймыз және Қазақстанның табысты дамуына сенімдіміз. Біз жұмысшыларды әлеуметтік қолдаудың Сенімгерлік қорын құру арқылы компания ішінде ҚР Президентінің әлеуметтік саясатын да қолдауға ниеттіміз. Оның басқаруына «Қазақстан Қағазының» 15 пайыз акциясы тапсырылады. Қор қызметінің негізгі бағыты әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға арналмақ, яғни бірінші кезекте компания жұмысшылары үшін денсаулықты сақтау мен білім беру жобалары басты назарда болады. «Қазақстан Қағазы» 1200-ден астам жұмысшысы қамтыған еңбек ұжымындағы сан ұлт өкілдері мен түрлі конфессиялық құрамын мақтан тұтады. Онда түрлі этникалық топтар бірлесе қызмет етіп, компанияның болашақ өсіміне атсалысуда.
- Қазақстанның өзінің тәуелсіздігі жылдарындағы өткен жолын қалай бағалайсыз?

- Осынша қысқа мерзімдегі мемлекеттің жетістіктері шынымен де таңғалдырады. Қазақстан Орталық Азияда тұрақты әрі гүлденіп келе жатқан экономиканы құрауға қауқарлы болды. Бұл тұрғыда мемлекет барша көршілес елдер үшін үлгі болуда. Қазақстан көп белестерді бағындыра алды. Осы орайда ҚР Президентінің ұлттық экономиканы дамытудағы, яғни оның құрылымын әртараптандырып, өндіруші сектор мен көмірсутекті энергетикадан «жасыл» экономика саласына көшу бағытындағы көрегендігі айрықша жігерлендіреді. Осы үдерісте «Қазақстан Қағазы» «жасыл» бизнесті жүрігізіп отырған кәсіпорын ретінде ерекше рөл ойнап отыр. Бұл тұрғыда жаңа актив пен адами капиталға инвестиция арқылы біз жоғары миссияны орындауға ниеттіміз. Сонымен қатар қазақ халқының қонақжайлылығы туралы бірер сөз айтқым келеді. Әлемде Қазақстан қонақжайлылықтың мекені екенін жақсы біледі. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Республика Президентінің басшылығымен елдеріңіз инвестиция салудың қолайлы бағыттарының бірі болды. Кез келген кәсіпорын тап болатын қиындықтарға қарамастан, біз өзімізді жайлы сезініп отырмыз. Осында қазақ халқының үздік мәдени дәстүрі мен оның көпғасырлы тарихының аясында тиімді бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған.
- Біздің оқырмандарға деген сіздің тілегіңізді естісек?
- Мен ғажайып Қазақстанда естен кетпес үш күнімді өткіздім. Елдеріңіздің табиғатының әсемдігі де ерекше. Мен қазақстандықтарға елдің және халықтың алдында елеулі мүмкіндіктер жатқандығын есте сақтап, мемлекеттегі табиғи тазалықты бұзбай, осы жерді келесі ұрпақтарға тапсыру үшін барлық тиісті әрекеттерді жасаудағы бастамаларға сәттілік тілеймін. Бұл үлкен әрі маңызды мақсат және елдеріңіз осының барлығын еңсереді деп сенемін.

Соңғы жаңалықтар