Қазақстан қалаларында саңырауқұлақ бағасы қанша
АСТАНА. KAZINFORM — Ақ саңырауқұлақ пен шампиньон бағасына бірнеше фактор әсер етіп тұр. Өңірдің логистикасы, тасымалдау арақашықтығы, сұранысы мен сауда орындарының жағдайы да бағаға өз септігін тигізеді. Кептірілген және балғын ақ саңырауқұлақ бағасы аймақтарда 1800 теңгеден басталады. Ал шампиньонның өңірлердегі бағасын Kazinform тілші анықтап білді.
Еліміздің астанасындағы гипермаркеттерде шампиньон бағасы акция кезінде 2400 теңге болып тұр.
Ал Өскеменде саңырауқұлақ бағасы 2500-3000 теңге аралығында. Семей қаласында да баға осы шамада. Келісі — 2300-2500 теңге.
Тараз қаласында баға 2500-2700 теңге болса, Ақтөбе қаласындағы баға 2600-2700 теңге.

Петропавлда қазіргі кезде баға сәл көтеріліп тұр. Саңырауқұлақтың келісі — 2450-2800 теңге.
Ал Қостанайдағы баға — 2600-2800 теңге аралығында.
Орал қаласында өзге өңірлерге қалағанда баға төмен. Мұнда шампиньонның келісі 2350 теңгеге сатылып жатыр. Қарағанда саңырауқұлақтың келісі 2160 теңге деп көрсетілген.
Көкшетау мен Қарағандыда баға әртүрлі. Көкшетауда 2500-2900 теңге, ал Шымкентте 2500-3200 теңге аралығында.
Талдықорған қаласында да дүкендердегі баға бір-бірінен алшақ. Кей жерде саңырауқұлақ келісі 1400 теңге болса, тағы бір сауда орнында 3200 теңгеге сатылып жатыр. Бұл шампиньонның сапасы мен қайда өсірілгеніне (жергілікті, тасымалданған, жабайы, жылыжайда өсірілген) байланысты өзгеріп тұр.
Павлодарда баға 3000-3345 теңге аралығында. Бұл еліміздегі орташа бағадан жоғары. Жезқазған қаласындағы баға — 2800 теңге. Түркістан қаласында саңырауқұлақтың келісі — 2500-3000 теңге аралығында.
Жоғары баға әдеттегідей мегаполисте тіркелді. Алматыда шампиньон бағасы 2800 теңгеден басталып, 4000 теңгеге дейін жетті.
Қонаев қаласындағы баға 2000-3500 теңге аралығында. Ал саңырауқұлақ бағасы Ақтау қаласында төмен. Келісі — 1600-1800 теңге.
Бұған дейін Қазақстан қалаларындағы жартылай дайын өнімдер бағасы жазылды.