Қазақстан қалаларында құрбандық шалуға қанша ақша жұмсалады?

Мал бағасы
Қалалар |
Қой бағасы (теңге) |
Ірі қара бағасы (теңге) |
Астана |
25-50 мың |
150 мың |
Алматы |
15-50 мың |
100-300 мыңға дейін |
Ақтөбе |
25-30 мың |
- |
Ақтау |
25-45 мың |
150 мыңнан жоғары |
Атырау |
18-25 мың |
- |
Орал |
20-40 мың |
180-200 мың |
Павлодар |
20-30 мың |
190 мың |
Петропавл |
20-40 мың |
- |
Семей |
20-30 мың |
150-200 мың |
Өскемен |
15-40 мың |
130 мың |
Көкшетау |
15-40 мың |
- |
Талдықорған |
20-32 мың |
- |
Шымкент |
Тоқтылар 18-25 мың, қошқар 40 мыңнан 80 мыңға дейін |
Өгіздер - 190-210 мың. Семіздері 260-300 мың |
Тараз |
25-35 мың |
- |
Қарағанды |
18-30 мың |
160 мың |
Қостанай |
15-35 мың |
165-170 мың |
Кестеден байқап отырғанымыздай, ең қымбат қойдың бағасы Шымкент қаласында тіркеліп отыр. Ал құрбандық шалу үшін қойдың ең арзанын Алматы, Өскемен және Көкшетау қалаларынан сатып алуға болады.
Қасапшы қызметі үшін қанша (қой сойғаны үшін) сұрайды?
Қалалар |
Қасапшы қызметі (теңге) |
Астана |
2000 |
Алматы |
2000 |
Ақтөбе |
2500-3000 |
Ақтау |
2500 |
Атырау |
2000 |
Орал |
2000 |
Павлодар |
500 теңгеден жоғары |
Петропавл |
2000 |
Семей |
Нақты белгіленбеген |
Өскемен |
2000 |
Көкшетау |
2000 |
Шымкент |
1000 |
Қарағанды |
2000 |
Қостанай |
1500-2000 |
Қасапшылар Қазақстанның барлық шаһарларында шамамен бірдей бағада қызмет көрсетеді. Тек кейбір қалаларда бас ұйтып бергені немесе ішек-қарынын аршып бергені үшін қосымша төлем сұрайтын көрінеді. Мәселен, Көкшетауда қойдың басын ұйтып берген үшін қасапшылар қосымша 500 теңге алады.
Ресми түрде бекітілген мал сою алаңдары
Қалалар |
Мал сою алаңдары |
Астана |
1) «Нұр береке-555», Алаш тас жолы, 30 («Көк Базар»), Алматы ауданы 2) «Метро» СҮ, (Астана-Карағанды тас жолы), Алматы ауданы 3) «Шаушен» ШҚ, Астана-Павлодар 9 км, Алматы ауданы 4) «Мақсат 2007» ЖШС, Акжар көш. 20, Алматы ауданы 5) «Ұлжан» әмбебап базары,Тілендиев көш. 24 6) «Темеш» ШҚ, Астана - Софиевка 7 км, Сарыарқа ауданы 7) «Мамырханов» ЖК, Сарыарқа ауданы 8) «Жайлау» ШҚ, Сарыарқа ауданы 9) «Алтын-Таға» базары, Қосшы, Есіл ауданы 10) «Сапа Су» ЖШС, Қосшы ауылы, Есіл ауданы |
Алматы |
Алатау ауданы бойынша: «Бекет ата» мешіті, «Әскер ата» мешіті, «Мырзахмет» мешіті Әуезов ауданы бойынша: 1) «Таугүл» мешіті, «Сауран-ислам мәдениет орталығы», «Таугүл» қайырымдылық мекемесі Бостандық ауданы бойынша: 1) «Нұр-Мүбарак» мешіті, «Орбита» мешіт» Жетісу ауданы бойынша: «Әл-Мәдина» мешіті, «Вайнах» мешіті, «Ic-commersе» ЖШС мал сою орыны Медеу ауданы бойынша: «Фатима» мешіті, «Райымбек батыр» мешіті, «Алматы қаласының орталық мешіті», «Умар ибн әл Хаттаб» мешіті, «Аманқұл ата» мешіті Наурызбай ауданы бойынша: «Тау самалы» базары, «ДИ» сауда орталығы жанындағы алаң Түрксіб ауданы бойынша: «Фирали» мешіті, «Қайрат» мешіті |
Ақтөбе |
«Нұр Ғасыр» мешіті |
Ақтау |
1) «Берекет» базары 2) «Орталық мал базары» 3) «Приозерный» базары |
Атырау |
1) «Тұма» базары 2) «Адал» базары 3) «Асыл Агро» ЖШС аумағы 4 «Умарова» ЖК |
Орал |
1) «Ел ырысы» базарының аумағы (Сырым Датұлы, 41 А) 2) «Кублей» ЖШС мал сою пункті (Зашаған кенті, Рыбцех 55 3) «Уральские колбасы» ЖШС мал сою пункті (Желаев өнеркәсіп аймағы, 17/5), 4) «Құспанов С.К» жеке кәсіпкерлігі мал сою пункті (Ақтөбе көшесі, 298) 5) «Батыс Адал ет» ЖШС мал сою пункті (Вторая Молодежная, 1/6) |
Павлодар |
«Құлагер» атшабары |
Семей |
1) «Ақ шың» сауда орталығының мал сою алаңы 2) «Сары базар» мал сою алаңы 3) «Степной» мал сою алаңы |
Өскемен |
«Шығыс» ауылы |
Көкшетау |
1) «Бижан» ет өңдеу зауыты» ЖШС 2) «Әз» мал базары |
Талдықорған |
«Нұр», «Иман», «Жетісу» және «Еркін» мешітінде құрбан шалатын орындар дайындалуда |
Шымкент |
1) «Халал Қассаб» мал сою бекеті, 203 орам 1989 құрылыс учаскесі 2) «Замин» мал сою бекеті, Сайрам елді мекені Сатыбалдиев көшесі 3) «Бәйтерек агро» мал сою бекеті, Сайрам тұрғын алабы, 72/5 4) «Ақ мал ЛТД» мал сою бекеті, Сайрам елді мекені, Әл-Фараби көш. 5) «Марат КЗ» мал сою бекеті, Рашидов көшесі 55 үй 6) «Қазығұрт БРБ» мал сою бекеті, Қапал батыр көшесі 7) «Агропромсервис» мал сою алаңы, Қапал батыр көшесі 8) «СММК Жаңаталап» мал сою алаңы, Жаңаталап тұрғын алабы 9) «Рау» мал сою алаңы, Еңбекші ауданы 10) «Миркаликов» мал сою алаңы, Сайрам тұрғын алабы |
Қарағанды |
1) Резинный көш. 18, Жер үй, қасапхана 2) Славская көш. 8/10, қасапхана 3) Республика даңғ. 72/1, қасапхана 4) Карл Маркс көш. Мешіттің қарсы бетіндегі алаң |
Қостанай |
1) «Костанайский Агропродукт» ЖШС төңірегіндегі №1 құрылыс маңы. 2) Федоров ауданына шығатын жолдағы мал сою алаңы 3) Қостанай шағын ауданы |
Қорыта келгенде Қазақстанда (жоғарыда аталған қалалар бойынша) қойдың бағасы шамамен 30 мың, ал ірі қараның құны орта есеппен 170 мың теңгенің айналасында болмақ. Ал қасапшылар өз қызметі үшін барлық қалада шамамен 2000 теңге алады.