Қазақстан Канадамен өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификацияламайды

АСТАНА. KAZINFORM — Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Ақорда
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 маусымда Оттавада жасалған Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қатыспау ниеті туралы Канадаға хабарласын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — деп жазылған құжатта.

Соңғы жаңалықтар