Қазақстан Қара теңіз маңының астық пулын жасақтау идеясы жүзеге асатынына күмән келтіреді

Бүгін «РИА Жаңалықтар» ақпараттық агенттігінің Астанадағы кеңсесінде Астана-Мәскеу-Киев арасында телекөпір өтті. Жуырда Украинаның премьер-министрі Николай Азаров, астықтың әлемдік экспортының 20 пайызын құрап отырған үш мемлекет - Ресей, Украина және Қазақстан арасында үшжақты астық пулын жасақтау идеясына оралуды ұсынды. Елдердің Қара теңіз маңының астық пулын жасақтау туралы әңгіме алғаш рет 2009 жылы қозғалды, бірақ, қарқын ала алмады. «Идеяның өзі жақсы, бірақ оны жүзеге асыру көптеген қатысушылардың араласуын талап етеді, соның ішінде, теміржол, порт, жекеменшік құрылымдар бар. Менің ойымша, бүгінгі күні оның жүзеге асуы екіталай», - деді ол. С.Қашқымбаев онымен бір мезгілде, Қазақстан бұл мәселе төңірегінде пікіралмасуға және ұсыныстарды қарастыруға әзір екендігін жеткізді. Сондай-ақ, С.Қашқымбаев, астықтық экспорт көлемі бойынша Ресейге үлкен бәсекелес болып табылмайтындығын айтты. «Мысалға, Ресей 24 млн. тонна экспорттауды көздеп отырса, біз ресейлік бағытпен, Қара және Балтық теңіздері арқылы 2,5 млн. тоннаны экспорттауды жоспарлап отырмыз. Жоспарда жоғары протеинді бидай ғана, бұл жерде қандай да бір басымдықтарымыз бар», - деп түйіндеді ол.