Қазақстан Қарулы Күштері біздің мемлекеттеріміздің арасындағы достастықтағы өз уәдесіне берік - Ә. Жақсыбеков
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бүгін Алматыда өткен ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 61-отырысында осылай айтты.
"ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы бүгінгі отырыстың қорытындысын жариялады. Оған менің қосарым, біздің бүгінгі мәжілісіміз 20 жыл бұрын ТМД елдері Кеңесі мәжілісінің декларациясы қабылданған Алматы қаласында өтіп отыр. Оған белсенді қатысқаны үшін әріптестерімді құттықтаймын. Біздің достығымыз бен ынтымақтастық бұл кездесуден кейін қол қойылған барлық құжаттар мен қабылдаған шешімдер бойынша да тағы бір маңызды деңгейге көтерілері күмәнсіз ", - дейді Ә. Жақсыбеков. Оның айтуынша, ТМД елдері арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет пен сыйластық аясындағы келісімдермен бекітілген. Онда өмірлік қажетті салалардың бәрі толық қамтылған.