Қазақстан қаржы жүйесін тұрақтандыруда дағдарысқа қарсы икемді менеджмент көрсетті - ЕҚДБ президенті

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан қаржы жүйесін тұрақтандыруда дағдарысқа қарсы икемді менеджмент көрсетті, деді ІV қазақстандық инвестициялық саммитте Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров.
None
None

Ол ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің дағдарыс кезінде банктік-қаржы секторын тұрақтандаруға мүмкіндік берген күш-жігерін оң бағалады.

Сондай-ақ ЕҚДБ-нің басшысы қаржы мен корпоративтік секторлар арасында салауатты қарым-қатынас орнатудың уақыты келгендігін атап өтті. Енді алда тұрған міндеттерді орындау керек.

«Оған - экономиканың нақты секторы үшін банктік несиелеу жеткілікті ме деген мәселе кіреді. Сондай-ақ корпоративтік секторда үлкен қарыздары бар, бірақ жетпейтін акционерлік қаржыға ие болып отырған компанияларға қатысты мәселелерді шешу үшін не істеу керек екенін де ойлану керек. Бұл кестелер жүзеге асуы үшін әрі қарай қадамдар жасау керек», - деп Томас Миров өз ұсынысын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар