Қазақстан қаржыгерлер одағы Қаржы министрлігінің №1 аккредитациялық куәлігіне ие болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақстан бухгалтерлер одағы» ҚР Қаржы министрінің №70 бұйрығы бойынша №1 аккредитациялық куәлікке ие болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Одақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қаржы министрінің бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет пен қаржылық қадағалауды дамыту департаментінің директоры Ж. Айтжанованың айтуынша, оны мемлекет пен кәсіби ұйымдар арасындағы ынтымақтастық жолында жасалған тағы бәр сәтті қадам деп санауға болады. Қаржы министрі Болат Жәмішевтің қолы қойылған куәлікті ол «Қазақстан бухгалтерлер одағының» басқарма төрағасының орынбасары Е. Левченко мен атқарушы директор А. Валиеваға кеше Астанада табыс етті. Республикадағы бухгалтерлердің кәсіби ұйымы саналатын «Қазақстан бухгалтерлер одағының» құрылғанына биыл бес жыл толады. Мүшелерінің саны қазір 600-ден асып отырған бұл одақ бүгінгі таңда «Атамекен одағы» Ұлттық экономиакалық палатасы, Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының белсенді және Сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың еуразиялық кеңесінің (ЕССБА) толық мүшесі болып отыр.
Соңғы жаңалықтар