Қазақстан кәсіпкерлері Иванов облысының СӨП-імен ынтымақтастық туралы келісім жасасты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпкерлері Иванов облысының СӨП-імен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Екі күндік сапармен Иваново қаласына келген қазақстандық кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері Иванов облысының ХIV облыстық Кәсіпкерлер күнінің салтанатты ашылуына қатысты.
None
None

Кәсіпкерлер күнін мерекелеу аясында «Иванов облысының шағын және орта бизнесі-2015» атты көрме ұйымдастырылды. Оған аймақтағы шағын және орта бизнестің 110 кәсіпорны қатысты.

Шараның қатысушылары мен қонақтарына арнаған сөзінде Иванов облысының губернаторы Павел Коньков шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аймақтағы экономикалық жағдайдың нығаюына септігін тигізетінін атап өтті.

Кәсіпкерлер күнін мерекелеу аясында Иваново тұрғындары қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері және ұлттық ас түрлерімен танысу мүмкіндігін алды. Осылайша, аймақтағы қазақ диаспорасының төрайымы, қазақстандық делегацияны қабылдауды ұйымдастырушы Айжан Шебанованың күш салуымен қазақ киіз үйі құрылды.

Шаралардың аясында, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығының құрметіне, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің белсенді көмегімен Ивановода алғаш рет Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов туралы деректі фильм көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар