Қазақстан кәсіпорындары ішкі нарықта сүт өнімдері қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпорындары сүт өнімдері қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің сауалына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, бүгінде елімізде сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша 192 кәсіпорын жұмыс істеуде. Ішкі нарықта азық-түлік өнімдерінің жалпы көлемінде сүт өнімдерінің үлесі 17 пайызды құрап отыр. Қолданыстағы кәсіпорындар жылына 3 500 мың тонна сүтті өңдеуге қауқарлы.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылы 184 млрд. теңгенің сүт өнімдері өндірілді, бұл өз кезегінде 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артық.

Белгілі болғандай, ірімшік пен сүзбені өндіру 38,3 пайызға, ал балмұздақ шығару көлемі 7,8 пайызға артқан екен. Жыл сайын кәсіпорындар 2 млн. тоннаға дейін сүтті өңдейді. Ал қалған көлемі өңделмеген түрінде тұтынылады.

Сонымен қатар өндірілген отандық сүт өнімдерімен қамтамасыз етілу деңгейіне тоқталатын болсақ, сұйық сүт бойынша 91 пайызды, қышқыл сүт өнімдерімен - 85 пайызды, сары маймен - 66 пайызды, ірімшік пен сүзбемен қамтамасыз етілу 55 пайызды құрап отыр.

«Ішкі нарықта отандық өнімнің үлесі орташа есеппен алғанда 70 пайызды қамтып отыр. Қалған бөлігі импорттық жеткізіліммен толығуда. Сүт өнімдерінің импорты негізінен КО елдерінен жүзеге асырылып жатыр, яғни 50 пайызы Ресей мен Беларусь елдерінің үлесінде»,-делінген ведомство мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар