Қазақстан қай елдерге астық экспортын ұлғайтады

«Еліміз астығының экспорттық нарықтарда бәсекелестігін жоғарылату үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Қазақстаннан Ауғанстанға астық экспортын ұлғайту үшін Өзбекстан аумағы арқылы темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға тарифтік преференциялар алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Сонымен қатар «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және басқа қазақстандық экспорттаушылар Кавказ аймағы елдеріне, бірінші кезекте Әзербайжанға астық жеткізуді ұлғайтуды жоспарлап отыр.
«Ресей Федерациясының астық келісімінен шығуы, әрине әлемдегі астық бағасының өсуіне алып келеді. Себебі, Украина – әлемдегі ірі астық өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі. Украина астығының әлемдік нарыққа шықпай қалуы белгілі бір шамада тапшылық тудыруы мүмкін», - деді ведомстводан.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл Қытай тарапымен «тәулігіне бір темір жол құрамы» схемасы бойынша қазақстандық астықты экспорттау бойынша келісім жасалды.