16:42, 22 Қараша 2024 | GMT +5
Қазақстан қазан айында ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерін орындады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қазан айында ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерін орындады. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті.

«Қазақстан қазан айында ОПЕК+ келісімі аясындағы өз міндеттемелерін орындады. Жыл басынан бастап жинақталған асыра орындау 2025 жылғы қыркүйекке дейін қолданыста болатын Өтемдік жоспарға сәйкес өтеледі», - деп атап өтті министрлік.
«Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасеновтәң мәліметінше, Қазақстан 2024 жылдың тоғыз айында 18 млн тонна мұнай өндірген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 пайыз артық.
Мұнай тасымалдау көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6-ға жоғары болып, шамамен 63 млн тоннаға жетті.