Қазақстан қазіргі замандағы өзекті мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның рөлін нығайтуды жақтайды.- Қ.Тоқаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның жаңа Резидент-Үйлестірушісі - БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Норимас Шимомураны, сондай-ақ Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадовты олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілімен кездесу кезінде Қ.Тоқаев Қазақстан мен БҰҰ арасындағы, ең алдымен, Президент Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын іске асыру бөлігіндегі ынтымақтастықтың күн тәртібі мазмұнды екенін атап өтті. Қазақстан қазіргі замандағы өзекті мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның рөлін нығайтуды жақтайды.

БҰҰ-ның Резидент-Үйлестірушісі БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы жобалары туралы хабардар етті. Дипломат еліміздегі жаһандық ұйым институттарының жұмыс істеуі үшін жасалған жақсы жағдайға ризашылық білдірді, сондай-ақ орнықты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыруда парламентпен өзара іс-қимылды қолдау ниетін білдірді.

Әзербайжан Елшісімен кездесуде Қ.Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан әріптестігінің стратегиялық сипатын атап өтті. Сенат Төрағасының пікірінше, екі елдің парламентшілері екіжақты деңгейде де, ТМД ПАА аясында да жемісті қызмет етіп келеді.

Әзербайжан Елшісі екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ету ниетін жеткізді. Кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды өрістету, Каспийдегі өзара іс-қимылды дамыту, транзит-тасымал саласындағы ынтымақтастықты нығайту жайында әңгіме болды.

Соңғы жаңалықтар