Қазақстан келесі жылдан бастап инвестициялар тарту бойынша ЭДЫҰ стандарттарына сәйкес жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан келесі жылдан бастап инвестициялар тарту бойынша Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. Бүгін Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы аясындағы инвестициялар тарту проблемаларына тоқталып, осылай мәлім етті.
None
None

Министрдің сөзіне қарағанда, инвесторлар үшін елімізде кредиттік ресурстарға қолжетімділік мәселесі де біршама қиындық туғызады. «Банктік секторда теңгемен кредиттік ставка өте жоғары, беріліп жатқаны да соншалықты көп емес. Бұл да инвесторлар көңіл күйіне әсер етпей қоймайды. Біз банктік секторды жандандыра түссек, ұлттық холдингтер де өздерінің ресурстарына қозғау салса игі», - деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, инвестициялық климатты жақсарту бойынша Экономикалық даму және ынтымақтастық елдері қайталау шолуын жасаған.

«Біз ЭДЫҰ инвестиция жөніндегі комитетіне келесі жылы кіруді жоспарлап отырмыз. Соған орай, біз көптеген параметрлерде Ұйымның стандарттарына сәйкестенуді келесі жылы толық аяқтайтын боламыз», - деді министр.

Ведомство басшысы өңірлер бойынша да инвестициялар тарту мәселесі өзекті екенін айтып, әрбір өңірде инвестициялық климатқа барынша мән берілуі тиістігін сөз етті. «Инвесторларды әуежайдан бастап, жоспарды жүзеге асыруға дейінгі кезеңде қолдау керек. Барлық жобалардың жүзеге асуына ұдайы мониторинг жасалуы тиіс», - деді Ә. Исекешев.

Соңғы жаңалықтар