Қазақстан киносының күндері ауылдан басталды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанаты Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимское ауылында өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Кинопремьеры недели: что смотреть в кинотеатрах Казахстана
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жобаның басты мақсаты – ұлттық киноны еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындарына, соның ішінде шалғай елді мекендерге де қолжетімді ету. Ашылу салтанатында болған оқиғаларға негізделген, Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді.

Апта бойы өңір тұрғындары мемлекет қолдауымен түсірілген үздік қазақстандық фильмдерді тамашалай алады. Сондай-ақ, облыста аудандық креативті IT-орталық – «Digital Zerde» базасында Цифрлық музей ашылды. Аталған музей – аудан тарихын заманауи технологиялар арқылы таныстыратын интерактивті кеңістік.

Жоба ауылдарда цифрлық және креативті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған Digital Aimaq бастамасының бір бөлігі.

Өткен жылы Кино күндері аясындағы көрсетілімдер еліміздің барлық өңірінде өтіп, шамамен 2 миллион көрерменді қамтыды. Биыл жоба жалғасын тауып, Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын арқау еткен фильмдерді өзге өңірлерде де ұсынатын болады.

Бұған дейін жыл сайынғы киножобалар конкурсында биыл қандай тақырыптарға басымдық берілгенін жазған болатынбыз.

Ұлттық орталық музейде сирек киножәдігерлер көрмесі ашылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум