Қазақстан Қытайға АЭС-те қолданылатын ядролық отынның үшінші легін жеткізді

Қазақстан Қытайға атом электр станциясында қолданылатын ядролық отынның үшінші партиясын жеткізді, деп хабарлайды Kazinform «Самұрық-Қазынаға» сілтемемен.

аэс
Фото: «Самұрық-Қазына» Қоры

Қытайдың Янцзы қаласындағы АЭС-те қазақстандық өндірістің жылу бөлетін жинақтарын қабылдау салтанатына қатысқан «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов екі ел арасындағы жоғары жетістікті атап өтті. 

аэс
Фото: «Самұрық-Қазына» Қоры

«Бұл жоба біздің елдеріміздің жоғары технологиялық өндірістерді жүзеге асыра алатындығының дәлелдеп отыр. CGN тобы, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп, Үлбі металлургиялық зауыты және Үлбі-ЖБҚ басшылығының жеке үлесін ерекше атап өткім келеді. Соның арқасында біздің командалар өндірістік жоспарлар мен міндеттерді орындай алды», - деді Нұрлан Жақыпов.

Қозоғистон Хитойга АЭС учун ядро ёқилғисининг учинчи партиясини етказиб берди
Фото: «Самұрық-Қазына» Қоры

Айта кетейік, 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Қытайдың CGN ядролық-энергетикалық корпорациясымен бірге Үлбі металлургиялық зауыты базасында АЭС-ке қажетті ядролық отын шығаратын «Үлбі-ЖБҚ» бірлескен кәсіпорнын құрды. Өндіріс 2021 жылдың қараша айында іске қосылды.

аэс
Фото: «Самұрық-Қазына» Қоры
Соңғы жаңалықтар