Қазақстан Қытайға бір жылда 5,5 млрд текше метр газ тасымалдаған

газ тасымалдау
Фото: «Азия газ құбыры» ЖШС

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Азия газ құбыры» ЖШС өткен жылы Қытайға 5,5 млрд-қа жуық текше метр отандық газ тасымалдаған. 

Бұл туралы «Азия газ құбыры» ЖШС басқарма төрағасы Ерсейіт Қайыпов Kazinform тілшісіне айтты. 

Оның айтуынша, «Орталық Азия — Қытай» газ құбыры арқылы тасымалданатын қазақстандық газдың бір бөлігі Қытайға тасымалданады.

«Азия газ құбыры» ЖШС
Фото: «Азия газ құбыры» ЖШС

— «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры Түркістан облысындағы Ақбұлақ газ өлшеу стансасынан бастап «Орталық Азия — Қытай» құбырына қосылады. Одан ары қарай Түркістан облысынан Алматы облысына дейінгі өңірлерді газбен қамтып, бір бөлігі Қытайға тасымалданады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 5,5 млрд текше метр газ Қытайға жіберілді, — деді Ерсейіт Қайыпов.

Басқарма төрағасының айтуынша, аталмыш газ құбыры еліміздің оңтүстік өңірлерін жылына 2,5-3 млрд текше метр газбен қамтамасыз етіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар