Қазақстан Қытайға сапалы отандық өнімдер экспортын ұлғайтпақ

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Лин Цзимен кездесуі барысында айталды.

Қазақстан Қытайға сапалы отандық өнімдер экспортын ұлғайтпақ
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің бапасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тараптар стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейін растап, өзара сауданың тұрақты оң динамикасын атап өтті: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд. долл. жетті.

Атап айтқанда, биыл өткізуге жоспарланып отырған ҚР – ҚХР Ынтымақтастық комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің кезекті 14-ші отырысына сапалы дайындық мәселесіне, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы аясындағы өзара іс-қимылдар мен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар бөлінді.

Ш.Нұрышев қазақ тарапының сапалы отандық өнімдерінің экспортын ұлғайтуға, өзара сауданы ынталандыра алатын бірлескен жобаларды дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ «Қытайға экспорт» бастамасы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар биылға жоспарланған бірқатар бірлескен сауда-экономикалық іс-шаралар мен қол қоюға көзделген екіжақты құжаттардың дайындық мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Қытай экономикасына қалай кіріп жатқаны туралы осы материалдан білуге болады.

2025 жылы Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттаған.

Енді Қазақстан Қытайға шошқа етін экспорттамақ.

 

Соңғы жаңалықтар