Қазақстан қыздар құрамасы арқан тартыстан күміс медаль еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Алау» мұз айдынында өтіп жатқан арқан тартыс бәсекесінде Қазақстан қыздар құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді.

арқан тартыс
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында 560 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Финалдық сында отандық спортшылар Ресей құрамасынан 2:0 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, арқан тартыстан әйелдер арасындағы бәсекеге 9 мемлекеттің өкілдері қатысты. Арқан тарту жарысына әр мемлекеттен 20 спортшы (10 ер, 10 әйел), әр түр бойынша 8 спортшы, 2 қосалқы ойыншы (10 адам) жіберіледі.

Бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар