Қазақстан қыздары Странджа кубогын 1 алтын, 6 күміс, 8 қоламен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогын» қазақ қыздары 1 алтын, 6 күміс, 8 қоламен аяқтады.

Қазақстан қыздары Странджа кубогын 1 алтын, 6 күміс, 8 қоламен аяқтады
Фото: ҰОК

Аталған турнирдің финалына шыққан жеті боксшымыздың тек біреуі ғана чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл атақты +81 келі салмақта өз отандасымен сынға түскен Ләззат Күнгейбаева иеленді.

Қалған боксшыларымыздың барлығы финалда қарсыластарына жол беріп, күмісті қанағат тұтты.

Алтын медаль:

+81 келі - Ләззат Күнгейбаева

Күміс жүлдегерлер:

48 келі - Әйгерім Сәттібаева 

54 келі - Әнел Сақыш

57 келі - Айдана Забынбекова

60 келі - Римма Волосенко

81 келі - Жібек Жарасқызы

+81 келі - Дина Исламбекова

Қола жүлдегерлер:

50 келі - Элянур Турганова

52 келі - Жансая Рахымберді

52 келі - Жазира Орақбаева

54 келі - Сымбат Әлиасқар

63 келі - Лаура Есенкелді

66 келі - Гаухар Шайбекова

70 келі - Азиза Исина

75 келі - Шұғыла Нәлібай.

Осылайша, бокстан әйелдер ұлттық құрамасы «Странджа-2025» турнирін аяқтады.

Айта кетейік, көркем жүзуден Париждегі Әлем кубогында Қазақстан тағы бір медаль алды.

Соңғы жаңалықтар