17:14, 03 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қазақстан командасы ертең биатлоннан әлем кубогінде бақ сынайды
Биатлоннан Қазақстан командасы ертең, яғни 4 қаңтар күні Оберхофтағы (Германия) әлем кубогінің төртінші кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған дода 4-7 қаңтар аралығында өтеді.
Алғашқы жарыс күнінде ерлер 10 шақырымға, әйелдер 7,5 шақырымға спринтерлік әдіспен жарысады.
6 қаңтар күні із кезу жарысы, 7 қаңтар күні эстафета өтпек.
Аталған әлем кубогінде Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ерлер арасында Асет Дюсенов, Александр Мухин, Владислав Киреев, Никита Акимов, әйелдер арасында Полина Егорова, Галина Вишневская-Шепоренко, Анастасия Кондратьева және Арина Крюкова ел намысын қорғайды.