18:20, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі атанды
ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақ Жайық өңіріндегі белгілі өнерпаздардың бірі Жаскелең Ғайсағалиев Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған композитолрлық белгі мен куәлікті Қазақстан Композиторлар одағы облыстық бөлімшесінің төрағасы Донеділ Қажымов табыс етті. Е.Хасанғалиев, Ш. Қалдаяқов атындағы республикалық байқаулардың лауреаты, әнші-композитор Ж.Ғайсағалиев ән шығарумен де айналысып келеді. Астанада Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай патриоттық әндердің республикалық байқауында музыка мамандарының көзіне түсіп, лауреат атанған Жаскелең одан кейін Астана туралы әндердің жарысында да жақсы туындысымен ерекшеленген болатын.