Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде өндірілген көмір қай елдерге экспортталып жатқанын нақтылады.

Көмір
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы \ Kazinform

«Жыл сайын өндірілген көмірдің 25-30 пайызы экспортталады. Экспорт нарығының негізгі тұтынушылары — Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Еуропа мемлекеттері», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Биылдың соңына дейін 112,7 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Көмір өндіруші кәсіпорындардың жедел деректері бойынша осы жылдың 9 айында 77,7 млн тонна көмір өндірілді

Былтыр Қазақстан 31,2 млн тонна көмір экспорттады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындық болмауы керек екенін тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар