Қазақстан көптеген жылдардан бері барлық этникалық топтарды әлеуметтік және мемлекеттік шараларға тартуға күш салып келеді - ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссары К.Воллебек

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан көптеген жылдардан бері барлық этникалық топтарды әлеуметтік және мемлекеттік шараларға тартуға күш салып келеді.
None
None

Бұл қазақ қоғамында татулық пен ынтымақтастықтың берік орнығуына ықпал етіп отырған маңызды шаралардың бірі», - деді бүгін елімізге арнайы сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек. Бұл пікірін ол бүгін Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған кездесуінен соң журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

«Біз Қазақстан Үкіметі мен билігіне осы бағыттағы шараларды қолдау қажет деген тілек білдіріп отырмыз. Біз қазіргі таңда мемлекеттердің аз ұлттар мәселесімен байланысты тәжірибелерімен бөлісу қажет деген ойдамыз», - деді мәртебелі мейман сөзінде.

Соңғы жаңалықтар