Қазақстан қор биржасында доллар бағамы сәл өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, 494,75 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 494,63 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 494,50 теңгеден сатып алынады, 496,91 теңгеден сатылады. Еуро 585,10 – 589,97 теңге, ал рубль 6,38 – 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,41 теңгеден сатып алынады, 74,40 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 493,05 теңгеден сатып алынады, 500,06 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 582,00 теңге, сату - 592,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,25 теңге, сату - 6,55 теңге.
- юань: сатып алу - 72,26 теңге, сату - 76,60 теңге.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге арзандап, 494,63 теңге болды.