Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты сауда көлемі артты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Былтыр Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарына қатысты сауда көлемі 38 трлн теңгеге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,3 трлн теңгеге немесе 28 пайызға жоғары.

валюта, доллар
Фото: Freepik

Биржа мәліметіне сәйкес, валюта айырбасын қоса есептегенде шетел валюталарына қатысты болған сауда көлемі 72 пайызға артты. 2023 жылы ол 62,7% болатын. Бұл ретте EUR/USD валюта жұбындағы сауда үлесі азайып, жыл соңында 2,7 пайызды көрсетті.

2024 жылы KASE-дегі жалпы сауда көлемінің бәсеңдегені байқалды. (389,1 трлн теңге) Сауданың нақты көлем индексі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,3 % немесе 21,7 теңгеге азайды.

Осыған дейін Қазақстанның қос қор биржасы – Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Астана халықаралық биржасының (AIX) құрылымы мен қызметі өзгеріссіз қалағаны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар