Қазақстан қор биржасында теңге нығая түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

деньги, ақша, тенге, банк
Фото: Александр Павский / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 538,53 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,56 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,11 теңгеден сатып алынады, 540,83 теңгеден сатылады. Еуро 624,72 — 628,60 теңге, ал рубль 6,51 — 6,63 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,89 теңгеден сатып алынады, 78,35 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 537,53 теңгеден сатып алынады, 543,53 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 623,48 теңге, сату — 631,48 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,52 теңге, сату — 6,67 теңге.
— юань: сатып алу — 76,20 теңге, сату — 80,07 теңге.

Еске салайық, 21 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге қымбаттап, 538,56 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар