22:04, 05 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстан қор биржасы ашық есік күнін өткізеді
АЛМАТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 19 мамыр күні Қазақстан қор биржасы (KASE) «Қор биржасындағы ашық есік күнін» өткізеді.

Аталмыш іс-шараға KASE ұйымынан бөлек, еліміздің бірнеше брокерлік компаниялары да қатысады. Іс-шара барысында қор биржасындағы кәсіпқой мамандардың дәрістері мен таныстырылымдары жасалады. Онда олар қаржылық құралдар және Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық, Қазақстан қор биржасы мен ETS Еуразиялық сауда жүйесі тауар биржасы нарығы, халықтық IPO бағдарламасы туралы жан-жақты мағлұмат беріп, түсіндірмек.