Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 2 пайызды құрады

"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.
"KazPrime" индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн. теңге.
"KazPrime" индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір "АТФ Банк"АҚ, "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Қазақстанның халықтық жинақ банкі" АҚ, "HSBC Банк Қазақстан" АҚ ЕБ, ""RBS (Kazakhstan)" Еншілес банкі" АҚ, "ЦентрКредит Банкі" АҚ біріккен.