Қазақстан қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады. 

валюта
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,27 теңгеге қымбаттап, 501,75 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 501,26 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 499,01 теңгеден сатып алынады, 501,45 теңгеден сатылады. Еуро 590,57 — 595,67 теңге, ал рубль 6,40 — 6,52 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,68 теңгеден сатып алынады, 74,84 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 495,00 теңгеден сатып алынады, 502,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 583,00 теңге, сату — 593,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,25 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 71,88 теңге, сату — 75,89 теңге.

Еске салайық, 25 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,02 теңгеге қымбаттап, 501,26 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум