Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Циндао қаласында қабылдаушы тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Отырыста қорғаныс ведомстволарының басшылары жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен бірге Қазақстан Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ШЫҰ Бас хатшысымен екіжақты кездесулері өтті. 

Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты
Фото: Қорғаныс министрі

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.

Бұған дейін Сенат Қазақстан заңнамасын қорғаныс және әскери-патриоттық тәрбие тұрысынан жетілдіруге бағыталған заңды екі оқылымда мақұлдағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар