07:59, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан көшбасшысының іс-қимылында прагматизм мен стратегиялық сезім орайласа қабысқан ? ҚР Президенті кітабының Мәскеудегі таныстырылымы
МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Кеше Мәскеуде ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Постиндустриялық қоғам қалыптасуының стратегиясы және өркениеттер әріптестігі» кітабының таныстырылымы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың жаңа кезеңіндегі проблемалар бойынша іргелі еңбектері мен сөйлеген сөздері қамтылған. Сондай-ақ кітапта ресейлік танымал ғалымдардың Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласы сапалық дамуының жоғары қарқыны туралы түсініктемелері берілген.Кітаптың таныстырылымына ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев, ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-елшісі Самат Ордабаев, ҚР Ұлттық академиясының академигі, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов қатысты.Ресей тарапынан: Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Олег Кузнецов, РФ президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының экономика және нарықтық шаруашылықты мемлекеттік реттеу кафедрасының меңгерушісі, академик Валерий Кушлин, осы академияның профессоры Анатолий Спицын және басқа да ресейлік сарапшылар болды. «Бұл соңғы екі онжылдықта бүкіл бұрынғы кеңестік кеңістікте үлкен және елеулі рөл атқарған саясаткердің кітабы екенін айтып жатудың қажеті болмас. Бұл кітап ? көркем шығарма емес. Оны оқу едәуір интеллектуалдық күш-жігерді қажет етеді, алайда ТМД кеңістігіндегі үдерістерге ден қойғандардың зор ықыласын тудырары сөзсіз. Кітап қиын кезеңде, «дағдарыс кезеңімен» тұспа-тұс шығып отыр, тәжірибе алмасу ауадай қажет болып отырған кезде, оның айрықша маңызы арта түспек. Бұл ? ТМД ауқымында орнаған байланыстардың, біздің екіжақты қатынастарымыздың беріктігі сынға түсетін кез», - таныстырылымды «Эхо Москвы» радиостансасының жүргізушісі Виталий Дымарский осындай сөздермен бастады.
.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы болашаққа жол сілтейді. «Бұл дұрыс та шығар, өйткені дағдарыс дегенің өткінші нәрсе, өмір бір орында тұрмайды. Біздің болашағымызды ой елегінен өткізу көзқарасы тұрғысынан Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі оның мәнін ұғынуға тамызық болады», - деп санайды В.Дымарский.ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев бұл кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың жаңа кезеңіндегі проблемалар; ықпалдастық басымдықтары мен өркениеттер әріптестігінің тетіктері бойынша іргелі еңбектері мен сөйлеген сөздері қамтылғанын айтты. Монографияда Қазақстанды жан-жақты жаңарту мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге; тұрақтылықтан ? жаңарту арқылы ? гүлденуге талдау жасалған. Қазақстанның көпвекторлы саясаты, Ресей мен Қазақстанның стратегиялық әріптестігі, Еуразия тұрғысынан ТМД мемлекеттерінің ықпалдасуын тереңдету мәселелері жан-жақты ашып көрсетілген. Кітапта ресейлік танымал ғалымдардың Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласы сапалық дамуының жоғары қарқыны туралы түсініктемелері берілген.«Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті саяси қайраткер және ғалым ретінде өз қызметінің алғашқы күндерінен ТМД-да экономикалық байланыстарды сақтауға және жаңартуға айрықша көңіл бөліп келе жатқанын атап өтуіміз қажет. Өте күрделі жағдайларға және жаңа қауіп-қатерлерге қарамастан, біздің президентіміз бұның орайын келтіріп отырғанын атап көрсету маңызды», - деп атап өтті Нұртай Әбіқаев. Сөзінің басында Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Олег Кузнецов ол басқарған ғылыми институт қазақстандық орталықтармен белсенді байланыс жасап отырғанын атап өтті. Сондықтан да ресейлік ғалым Қазақстанда болып жатқан нақты үдерістермен жақсы таныс екеніне сенімді. Кітаптың атауы «стратегия» деген сөзбен басталады, егер бұл сөздің астарынан алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға әкелетін білімдер мен іс-қимылдардың серпінді жүйесін ұғынатын болсақ, кітап авторы индустриялық кезеңнен постиндустриялық кезеңге өту кезіндегі республиканың стратегиялық дамуының негізгі векторларын тамаша суреттеп шыққан.
«Ел басшысының алдында тұрған міндеттер өте-мөте оңай болған жоқ. 90-шы жылдардың басында республика шикізаттық базиске негізделді. Нарықтың рөлі мен мемлекеттің рөлі арасындағы тепе-теңдікті табу қажет болды. Қазақстан бұл мәселені ТМД елдерінің бәрінен гөрі жақсы шеше білді. Қазақстан алғашқы болып ұлттық жинақ қорын құрды. Нұрсұлтан Назарбаев экономикада қуатты холдингтер құру мәселесін дер кезінде қолға алды», - деді О.Кузнецов.«Парасат» холдингінің төрағасы Нұралы Бектұрғанов кітапта болашақ өркениеттердің өзара қарым-қатынастары мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылғанына назар аударды. Бұл арада Нұрсұлтан Назарбаев шебер саясаткер және тәжірибелі басшы ретінде көрінеді. Онда оптимизм мен болашаққа деген сенім күшті. Менің пікірімше, өркениеттердің өзара іс-қимылы нақты жолдарының шешімін табуға болады. Президент әралуандықтың бірлігі туралы айтып отыр, яғни әрбір ел халық саны мен даму деңгейіне қарамастан, адамзаттың жалпы мәдениетін байыта түседі. Бұдан шығатын қорытынды: өркениеттер әріптестігі ? біздің әлемнің гүлденуінің шынайы шарты».
РФ президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының кафедра меңгерушісі Валерий Кушлин Нұрсұлтан Назарбаевтың осы академия қабырғасында кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған сәттерінің куәгері болғанын айтты. «Бүгінгі таныстырылып отырған кітап ? автордың зор ғылыми мүмкіндіктерінің өте-мөте елеулі көрінісі. Өзекті тақырып ? стратегия категориясы. Кітаптың өн бойынан стратегиялық жоспар идеясын аңғаруға болады. Қазақстандық көшбасшының іс-қимылында прагматизм мен стратегиялық сезім орайласа қабысқан. 1992 жылы докторлық диссертация ресурс үнемдеу стратегиясына арналғаны есімде, бүгін біз Нұрсұлтан Назарбаев сол кездің өзінде болашаққа көз тіккенін көріп отырмыз», - деді В.Кушлин.Қазақстандық министр Владимир Школьник кітапты өмірлік категориялар тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Көптеген адамдар сонау көкжиекке өзінің болашағы, өз балаларының болашағы тұрғысынан ғана көз салады. Алыс келешекте біздің ұрпақтарымыз қандай әлемде өмір сүретіні жайлы көбі ойланып жатпайды. Алысқа көз жіберу ? сирек кездесетін табиғат берген сый, ал бізден кейін не болмақ деп үнемі ой қорыту маңызды. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев көреген стратег, оның сөзі мен ісі ешқашан да бір-бірінен алшақ кеткен емес, деп санайды ол.
ММУ ақпараттық орталығының жетекшісі Алексей Власов қазақстандық президенттің артықшылығы адамдарды тани білуінде, орындаушылардың тиімді командасын жасақтай білуінде екеніне назар аударды. - «Российская газетаның» бұрнағы күнгі санында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» деген тұжырымдамалық мақаласы жарық көрді, онда қалыптасқан жағдайдан шығудың базалық ұстанымдары келтірілген. Бұл ? оптимизм және болашаққа деген сенім. Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзін жастарға арнап, олардан қолдау күтетін, жаңа ұрпаққа үміт артатын сияқты, - деді А.Власов.