Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстан құрамасы Сингапурдегі су спорты түрлерінен әлем чемпионатында әртістік жүзуден командалық сайыстың финалында өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста үздік ондыққа енді
Фото: СДД

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталмыш турнирде сынға түскен отандастарымыз командалық еркін жаттығуда 277.8196 ұпай жинаған. Осылайша олар 7-орынға табан тіреді. 

Құрама сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.

Әлем чемпионатында Қытай құрамасы 348.4779 ұпаймен үздік атанды. Ал жапониялық спортшылар 334.7232 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Испания құрамасы 321.1328 ұпаймен үшінші орынды місе тұтты. 

Еске сала кетейік, осыған дейін әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына өткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар