10:25, 22 Тамыз 2025 | GMT +5
Қазақстан құрамасы Болгарияда үстел теннисінен өтетін турнирде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы үстел теннисінен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.

Болгарияның Панагюриште қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Panagyurishte турнирі басталды.
Жарысқа Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Үндістан, Италия, Ирак, Қазақстан, Корея, Молдова, Румыния, Словакия, Сербия, Тайбэй, Украина, Франция және Жапониядан спортшылар қатысып жатыр.
Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева, Дастан Кенжіғұлов, Сарвиноз Миркадирова, Владислав Захаров, Жанерке Көшкімбаева, Санжар Жұбанов, Искендер Харки және Ырысбек Артықметов өнер көрсетпек.