Қазақстан құрамасы Дания және Финляндиямен ойнайтын футболшылар тізімін жариялады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы Қазақстан құрамасының Дания және Финляндия құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

футбол
Фото: ҚФФ

Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев құрлықтық додадағы Дания (14 қазан) және Финляндия (17 қазан) құрамаларымен кездесуге қатысуға мүмкіндік алатын 34 футболшының тізімін жария етті.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Оқу-жаттығу жиыны 6 қазанда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Қазақстандық футболшылар H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.

Алғашқы алты турдан кейін Словения мен Данияның - 13, Финляндия мен Қазақстанның - 12, Солтүстік Ирландияның - 3, Сан-Мариноның - 0 ұпайы бар.

Соңғы жаңалықтар