Қазақстан құрамасы көркем жүзуден әлем кубогында екінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Көркем жүзуден әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингте 2-орынды иеленді.

Көркем жүзуден әлем кубогында Қазақстан құрамасы  екінші орын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайда көркем жүзуден әлем кубогының соңғы кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы кезең Францияда, екіншісі Египетте, үшіншісі Канадада болды. Қорытынды кезеңді Қытайдың Сиань қаласы қабылдады.

Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысымен Қазақстан әйелдер құрамасы (Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина, Даяна Жаманчалова) әлемдік рейтингте екінші орынға табан тіреді.

Аталған жарысқа еліміздің атынан 14 спортшы аттанды. Дүбірлі додада 16 елден 125 адам жүлделерді сарапқа салып жатыр.

Еске салсақ, қазақстандық спортшылар Францияда көркем жүзуден өткен әлем кубогында алтын медаль алды.

Соңғы жаңалықтар