Қазақстан құрамасы маутинбайктан күміс жүлде алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы маутинбайктан күміс жүлде алды.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, аталған жарыста ел намысын Богдан Лұқманов, Виолетта Казакова, Флексей Фефелов, Юля Ли, Алина Карасёва, Денис Сергиенко қорғады.
Қытайда Азия чемпионаты бүгін ресми түрде басталды. Ұлттық құрама жарысты олимпиадалық емес бағдарламадағы эстафетадан бастады. Алдағы күндері олар олимпиадалық кросс-кантри сайысында бақ сынайды.
Құрлықтық дода Қытайдың Гуйчжоу қаласында 23-27 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы сапына Егор Карасёв, Ілияс Рахимов, Никита Галкин, Алексей Фефелов, Алдер Ергешов, Богдан Лухманов, Алина Карасёва, Татьяна Генелева, Юлия Ли, София Мамева, Татьяна Чакилёва, Константин Казаков және Виолетта Казакова енгізілген.
Айта кетсек, тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.