19:45, 27 Тамыз 2025 | GMT +5
Қазақстан құрамасы өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді
АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Саранск қаласында жасөспірім ұлдар арасындағы XIV және жасөспірім қыздар арасындағы X әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күнінде ең тартысты сындардың бірі – жауынгерлік қанат жаю өтті. Бұл кезеңде қатысушылардың күш-қайраты мен төзімділігі сыналып, әлемдік деңгейдегі жоғары бәсекелестік байқалды.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Турнирдің жабылу рәсімі мен марапаттау шарасы өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табысталды.
Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыластары 28 тамызда анықталады.