Қазақстан құрамасы Орталық Азия ашық чемпионатында жүлделі орындарға ие болуда

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Ташкентте Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясына қарасты «Су спорты сарайында» синхронды жүзуден «Су ханшайымы»(Cув париси) халықаралық турнирі мен I Орталық Азияның ашық чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ӨзА

Қазақстан құрамасы I Орталық Азия ашық чемпионатында жүлделі орындарға ие болуда
Фото: ӨзА/Alimurod Mamadaminov

Жарыстың бірінші күні «Су ханшайымы» халықаралық турнирінің міндетті бағдарламасының U12 жас санатында Анастасия Гайдина (Ресей), Дарья Березнева (БАӘ) және Алиса Морковина (Өзбекстан) жеңіс тұғырына көтерілсе, Принцесса-Анастасия Михайлова (Ресей), Дарья Кочнева (Өзбекстан) және Велика Стоинкова (Болгария) U15 жасқа дейінгі топтар арасында үздік үштікке жайғасты.

Техникалық соло (ересектер) бағдарламасында Валерия Плеханова (Ресей) бірінші, Сабина Махмудова (Өзбекстан) екінші, Анастасия Головкова (Беларусь) үшінші орынды иеленді. 

Комбо U15 жарыстарында Ресей құрамасы жеңіске жетсе, Өзбекстан мен Беларусь 2-3-орындардан көрінді. 

I Орталық Азия ашық чемпионатында келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Міндетті бағдарлама – U12 

1-орын – Эвелина Белякова (Қазақстан) 

2-орын – Алиса Морковина (Өзбекстан) 

3-орын – Азалия Барантаева (Қазақстан) 

Міндетті бағдарлама – U15 

1-орын – Дарья Кочнева (Өзбекстан) 

2-орын – Тахмина Заирова (Қазақстан) 

3-орын – София Харченко (Қазақстан)

Міндетті бағдарлама – (ересектер) 

1-орын – Сабина Махмудова (Өзбекстан) 

2-орын – Муслима Махмуджонова (Өзбекстан) 

3-орын – Ақжан Мұратова (Қазақстан) 

Техникалық топ (ересектер)

1-орын – Қазақстан 

2-орын – Өзбекстан 1 

3-орын – Өзбекстан 2

Комбо U12

1-орын – Қазақстан 1 

2-орын – Өзбекстан 

3-орын – Қазақстан 2 

Комбо U15

1-орын – Қазақстан 1 

2-орын – Қазақстан 2 

3-орын – Өзбекстан

Бүгін, 16 мамырда U12, U15 және ересектер арасында еркін соло, техникалық дуэт, техникалық микст және еркін топтық бағдарламалар бойынша өткен сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болады.

Жарыста Өзбекстан, Ресей, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь Республикасы, Қазақстан сынды елдерден 200-ге жуық спортшы синхронды жүзудің түрлі бағдарламаларынан жүлделі орындарды сарапқа салуда.

Еске сала кетейік, елордалық спортшылар синхронды жүзуден Дубайдағы халықаралық турнирде топ жарды.

Соңғы жаңалықтар