Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Фуджейрада өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

семсерлесуден Қазақстан құрамасы Фуджейрада өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар өнер көрсетті:

- София Ақтаева

- Алена Гноева

- Алина Искандерова

- Алуа Нұрқанова

Отандастарымыз қола жүлде үшін Чехиямен кездесіп, 45:31 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін София Ақтаева жекелей сында алтын медаль иеленген еді.

Соңғы жаңалықтар