Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында күміс алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан ерлер құрамасы Индонезияның Бали қаласында Азия чемпионатында семсерлесуден командалық жарыста екінші орын алды.

Финалда Қазақстан мен Жапония құрамалары шеберлік байқасты. Кездесу барысында жапониялық семсерлесу спортының шеберлері 45:39 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде бас жүлде Жапония құрамасына бұйырса, отандастарымыз екінші орынға табан тіреді.
Ел құрамасы сапында Эльмир Алимжанов, Руслан Кұрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай сынға түсті.
Айта кетсек, Жапония 2024 жылы Олимпиадада финалға дейін жетіп, Венгрияға есе жіберіп қойған еді.
Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында екі медаль бар. Бұдан бұрын Вадим Шарлаимов жекелей сында үздік үштіктен көрінді.
Айта кетсек, семсерлесуден Азия чемпионатында ел намысын 23 спортшы қорғап жатыр. Құрлықтық дода 23 маусымда мәресіне жетеді.