09:13, 01 Ақпан 2026 | GMT +5
Қазақстан құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатында үшінші орын алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді.
ҚР ҰОК мәліметінше, Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.
А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина теннис тарихында рекордтық нәтижеге қол жеткізді.
«Астана» командасының шабандозы Сауд Арабиясындағы көпкүндікте екінші орын алды.