Қазақстан құрамасы таеквондодан «Diamond game 2025» турниріне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – 11-13 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында «World Taekwondo Diamond Game 2025» халықаралық турнирі өтеді.

Турнир G-4 санатына жатады және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Бұл жарыс спортшыларға рейтингілік ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Қазақстан таэквондо федерациясы баспасөз қызметі ел құрамасынан аталмыш турнирде сынға түсетін спортшылардың тізімін жариялады.
Олар:
57 келіге дейін: Қанат Альмира
67 келіге дейін: Аяулым Асқар, Аида Тәукенова
68 келіге дейін: Нұрбек Ғазез
80 келіге дейін: Ергеш Бекасыл
Ал командалық және аралас командалық сайыста Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Таукенова бақ сынайды.
Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы таэквондодан әлем кубогында қола жүлде алғанын хабарлаған едік.