Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкентте өткен турнирде жеті медаль қанжығалады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҰОК жазды. 

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкентте өткен турнирде жеті медаль қанжығалады
Фото: ҰОК

Бірінші орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.

Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырына көтерілгенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар