Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде үш орынға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - FIFA елдері құрамасының жаңартылған рейтингісі шықты. Қазақстан құрамасы 136-ыншы орынды иеленіп, алдыңғы рейтингпен салыстырғанда үш орынға төмендеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Біздің командамыздан кейін посткеңестік кеңістік елдерінен Литва мен Молдава ғана орналасқан. Әлемнің ең мықты құрамалары үштігін Германия, Бразилия және Португалия бастап тұр.
23 қарашадағы FIFA рейтингісі:
1 (1). Германия - 1602 ұпай
2 (2). Бразилия - 1483
3 (3). Португалия - 1358
4 (4). Аргентина - 1348
5 (5). Бельгия - 1325
6 (8). Испания - 1231
7 (6). Польша - 1209
8 (11). Швейцария - 1190
9 (7). Франция - 1183
10 (9). Чили - 1162
35 (30). Украина - 781
65 (65). Ресей - 534
80 (76). Өзбекстан - 437
84 (80). Эстония - 407
90 (90). Армения - 383
92 (91). Беларусь - 372
104 (107). Грузия - 322
112 (114). Түрікменстан - 292
115 (120). Қырғызстан - 282
117 (115). Әзербайжан - 281
127 (123). Тәжікстан - 255
131 (129). Латвия - 233
136 (133). Қазақстан - 220
148 (145). Литва - 179
166 (167). Молдова - 111.