Қазақстан құрамасы Польшадан ойсырай ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Польша құрамасынан 3:0 есебімен ұтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Кездесу Варшавада өтті. Ойындағы есепті 11 минутта Аркадиуш Милик ашты. Ал екінші тайм басында Қазақстан құрамасы қарымта гол соққан еді. Алайда латвиялық төреші Сергей Хижниченконың соққан добын есепке алмады.

73 минутта Камил Глик бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, есепті еселеді.

86 минутта төреші Андрис Триманис Юрий Логвиненко ойын ережесін бұзды деп танып, Қазақстан құрамасы қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Роберт Левандовский мүлт кеткен жоқ.

3 ұпайға ие болған Польша құрамасы топта көш бастады. Іріктеу кезеңінің аяқталуына әлі екі тур бар. 5 қазан күні Қазақстан құрамасы сыр алаңда Румыниямен ойнаса, 8-і күні Астанада Армения құрамасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйек күні «Астана» өз алаңында Черногория құрамасынан да 3:0 есебімен жеңілген еді. 

Соңғы жаңалықтар