Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Тобылға» ауысты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық клуб Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың ресми сайты ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Темірлан Ерланов мансабын қаскелеңдік «Сұңқар» клубында бастады. 2013 жылы Ерланов «Востокқа» ауысты.

2016 жылы қорғаушы шымкенттік «Ордабасы» командасымен келісімшарт жасасты. Клуб құрамында 70-тен астам матч өткізді. Айта кетейік, ол грузиндік «Торпедо» командасымен кездесуде жеңісті голдың авторы атанды. Өткен жылы шымкенттіктермен бірге «қола» жүлдеге қол жеткізді.

Ерланов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 7 матчқа алаңға шығып,1 гол соққан. Қорғаушымен келісімшартқа 2020 жылдың соңына дейін жасалды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум