Қазақстан құрылыс компаниясы салған тұрғын үй кешені жапон сарапшыларының 9 балдық сейсмикалық беріктік сертификатын иеленді

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін тұңғыш рет Алматыда салынған қазақстандық құрылыс компаниясының тұрғын үй кешені Жапонияның сейсмикаға тұрақты құрылыс жөніндегі сарапшыларының 9 балдық сейсмикалық беріктік сертификатын иеленді.
None
None

Сараптамалық бағалау сертификатын Kusto Group инвестициялық компаниясы жүзеге асырған «Көркем Тау» тұрғын үй кешені жобасына ғимараттардың жер сілкінісінен кейінгі өміршеңдігін бағалау жөніндегі Жапонияның мемлекеттік комиссиясының сарапшысы, Жапонияның Сәулетшілер қауымдастығының мүшесі Кадзуо Ватанабэ табыс етті. Оның айтуынша, жапондық мамандар кешенге құрылыс нормалары мен ережелерінің жапондық жүйесіндегі құрылымдарды есептеу, алаңның геологиясын зерттеу, құрылым монолитін түзейтін негізгі құрылыс материалын талдаудан тұратын сараптама өткізген. Оның нәтижелерінің негізінде оңтайландыру жөнінде бірқатар кеңестер беріп, 6 ай бойы құрылыс барысын ұдайы қадағалауда ұстаған көрінеді. Ал сараптама шеңберінде дайындалған «Көркем тау құрылымын есептеу» деп аталатын 600 беттік негізгі құжат есептеме болып табылады. Атқарылған жұмыс Алматы қаласындағы ғимараттардың сейсмикалық беріктігін арттыруға бағытталып қана қоймай, сонымен бірге, ең соңғы технологиялар мен әдістерді ендіру мақсатында қазақстандық құрылысшылардың шетелдік мамандармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік жасауға арналған.

Соңғы жаңалықтар